Қарағандыда балалардың жаппай улануы: 6 бала жансақтау бөлімінде жатыр

/image/2023/08/07/crop-8_65_671x1192_3b2f2c5b-a685-40ba-9b47-3fe34d35c6b5.jpeg

Қарағандының әлеуметтік қызмет көрсету бөлімде уланған балалардың жағдайы белгілі болды. Қазір 6 бала жансақтау бөлімінде, 3 бала нейробокс бөлімінде жатыр.

Ресми мәліметке сәйкес, балалардың сырқаты асқынбаған, жағдайы тұрақты.

Қазір барлығы 9 науқас ауруханада ем алып жатыр. 2 бала балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде, қалған 7-і облыстық клиникалық ауруханасының жұқпалы аурулар орталығында жатыр. Үш бала бүгін шығады.

Еске салайық, 30 шілдеде Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалар жаппай уланған болатын.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, балалардың улануына тамақтың қатысы жоқ. 

Сондай-ақ, балалар уланған орталықтың 12 қызметкері жұмыстан шеттетілді. Бір бала көз жұмды. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар