Павлодарда есірткіні жасырып қойып кетумен айналысқан жігіт ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.
"Қаладағы Ворушин көшесінде облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткіні жасырып қойып кетумен айналысты деген күдікпен 18 жастағы жігітті ұстады. Ол еш жерде жұмыс істемеген"- делінген хабарламада.
Күдіктіден салмағы 28 грамнан асатын 40 түйіншекке салынған синтетикалық есірткі тәркіленді.
Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, жігіт қамауға алынды. Бұл қылмыс үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Пікір қалдыру