Жарты жылда Қазақстанға көшіп келген шетелдіктер саны 87 пайызға артқан

/image/2023/08/11/crop-49_56_608x1082_40902dda-4512-4247-8a6b-2e2db9b134e2.jpeg

Жарты жылда  Қазақстанға көшіп келген шетелдіктер саны 87 пайызға артты. 

Жылдың алғашқы алты айында Қазақстанға 13 652 адам көшіп келсе, 6 996 азамат шет елге кетіп қалған. Бұл туралы  Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.

Өткен жылмен салыстырғанда келгендер саны 87,3%-ға артып, кеткендер 56,7%-ға азайған. Елге көшіп келгендердің көпшілігі Астанада, Алматыда және Шымкентте тұрып жатыр.

1 шілдедегі есеп бойынша елдегі халық саны 19,8 миллионға жеткен. 12,3 млн адам қалада, 7,5 млн адам ауылдық жерлерде тұрады.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар