Бидайы көп елде арзан нан жеу- арға сын

/uploads/thumbnail/20170708200422628_small.jpg

Нан бағасы бірден 30 пайызға өсетін болды. Жаманның сандырағы келеді деген рас-ау. Осыдан біршама уақыт бұрын Айқын Қоңыров деген бір депутат нанның құнын атасымен өлшеп, тұп-тура 300 теңге тұру керек деп кескен болатын.

            Неге десеңіз Еуропада нан қымбат-мыс. Депутат шырақ сол кезде Қазақстан мен Еуропаның айлық есептегіш көрсеткіштерін салыстырмады ма екен? Мақұл делік. Өзіне жасалған пиар ма, әлде басқа ма ұлардай шулады да тынды жұрт.

            Енді міне сәл ғана уақыттан соң нанның құны қайта өседі деген үкім шығып отыр және бірден 30 пайызға. Нанның құны бұған дейін әр өңірде 35-70 теңге аралығында болатын. Ендігі кезек бидайдың құны 47 теңгеге дейін өскен. Демек, нан да қымбаттайды.

            Ауыл шаруашылық министрі бидайдың құнын ұстап тұру мүмкін емес дейді. Теңге еркін айналымға кеткен кезде бағаны қалыпта ұстаймыз дегендер қайда? Сөзінде берік бола алмаса билікте неге отыр?

            Қоңыровты неге еске алдық дейсіз ғой, бұрыннан келе жатқан бір саяси ойын бар. Қысқаша барысы мынадай. Бизнес элитаның ең көп қолданатын тактикасы десек те болады. Егер акцияны 5 пайызға көтеру керек болса, бірден 10 пайызға көтеру керек. Қол астыңдағылар  ду ете қалады. Шу болады. Ақыры мәмле жасалу керек болады. Содан соң мақұл деп 5 пайзға түсіреді. Жоспар да орындалды, қол астындағылар да дегеніміз болды деп мәз!

            Мақұл 300 теңгеге емес, 30-ақ пайызға өседі деп біз мәз болайық.

            P.S. Қанша дегенмен, бұған да «түсіністікпен» қарайық. Бидайы көп елдің арзан нан жеуі- «ұят қой» қайтсін!

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар