Елімізде соңғы екі айда 8,5 тоннадан астам есірткі тәркіленді.
1 маусымнан бастап ел аумағында «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілген болатын.
Ведомство дерегінше, екі айда полицейлер 678 есірткі қылмысын анықтап, 8,5 тоннадан астам есірткі тәркілеген. Оның ішінде 67 кг героин, 1 тонна 175 кг марихуана, 94 кг гашиш және 23,7 кг синтетика бар.
Қарасора егіндіктерін анықтауға Ұлттық ұланның тікұшақтары мен Қорғаныс министрлігінің дрондары қолданылған.
Пікір қалдыру