Бұрынғы сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстанның Аустрия РеспубликасындағыТөтенше және Өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды", – делінген ресми хабарламада.
Еске салайық, Мұхтар Тілеуберді 2019 жылғы 18 қыркүйектен 2023 жылдың сәуіріне дейін Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі қызметін атқарды.
Пікір қалдыру