Жемқорлардан тәркіленген қаржыға 62 мектеп салынып жатыр

/image/2023/08/17/crop-0_10_281x500_e736d39e-fe13-44fe-bdbd-dadd28fcd9f7.jpeg

Жемқорлардан тәркіленген қаражат жинақталатын қор арқылы республика бойынша 76 мың орынға шақталған  62 мектеп құрылысы қаржыландырылды.

Үкімет мәліметінше, жалпы қор құрылған өткен жылдың желтоқсан айынан бері оның есепшотына 151,6 млрд теңге түскен. Бұл туралы Ulysmedia.kz жазды. 

"Қордың қызметі мектептерді, қосалқы ғимараттарды және интернаттарды салу және қайта жаңғырту арқылы үш ауысымдық мектептер мен апатты оқу орындарының мәселелерін шешуге және жалпы білім беру мекемелеріндегі орын тапшылығын жоюға бағытталған" – делінген хабарламада.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар