АрселорМиттал Теміртау АҚ-ға қарасты "Қазақстан" шахтасында конвейер таспасы өртеніп, апат болды.
Өрт 17 тамыз сағат 10:00-те шыққан. Оқиға орнына Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінен 15 қызметкер мен 5 техника, Төтенше жағдайлар министрлігінің 8 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.
Шахтада барлығы 227 адам болған. Олар біртіндеп жер бетіне шығарылып жатыр. Соңғы ақпарат бойынша шахтада болған 177 адам жер бетіне шығарылған.
Пікір қалдыру