Шахтадағы апат: Екі кеншінің денесі табылды

/image/2023/08/17/crop-26_17_404x719_5b50d162-f89f-4a8f-b5ba-84e9e1c9244a.jpeg

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасындағы өрттен кейін жоғалып кеткен 5 кеншінің екеуі өлі күйінде табылды. Әзірге қаза тапқандар жайлы нақты деректер жоқ. 

Еске сала кетейік, бүгін  АрселорМиттал Теміртау АҚ-ға қарасты "Қазақстан" шахтасында конвейер таспасы өртеніп, апат болды. Бұған дейін 224 қызметкер жер бетіне шығарылып, 3 адам әлі құтқарылмағаны белгілі болған еді. Кейіннен апатқа байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Қарағанды облысы әкімдігінің мәліметінше, апат орнында 13 адам дәрігерлерге  жүгінген. Олар бас ауруы, жөтелге шағымдануда. Қазіргі уақытта төртеуі ауруханаға жатқызылды: екеуі – Шахтинск орталық ауруханасына, екеуі – облыстық медициналық орталыққа. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар