Кентау қаласының бұрынғы әкімі Рашид Аюпов 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Антикордың мәлімдеуінше, Аюпов 2013 жылы Премьер-Министр Кеңсесінің қызметкері бола тұра, жеке компания иесін аса ірі көлемде пара беруге көндіріп, сол ақшаға құрылыс тендерін алып беруге уәде берген.
Қажетті соманы алған соң, өзіне Астанадан жаңа үй, қымбат көлік пен бірнеше жүк көлігін сатып алған.
Аюповқа мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды. Бұдан бөлек, экс-әкімге келтірілген шығынды өтеу міндеттелді және мүлкін тәркілеу туралы қаулы шығарылды.
Пікір қалдыру