Ақтау қаласындағы 33 шағын аудан тұрғындары жарықтың жиі сөніп қалуына байланысты наразылыққа шығып, жолды жауып тастамақ болған, деп хабарлайды Lada.kz.
Тұрғындардың айтуынша, жарық 9 қыркүйектен бері қосылмаған.
"Бір күннен бері жарық жоқ. Жарық тағы да жиі өшіп қала беретінді шығарды. Неге бәрі бұл мәселеге бей-жай қарайды?", дейді наразы тұрғындар.
Түнгі сағат 22:00-де тұрғындар жолды жауып тастауға тырысқан. Оқиға орнына полицейлер келген. Ал әкімдік қызметкерлері "АЭжБУ" МКК 33-шағын аудандағы апаттық жағдайды жою бойынша жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.
Пікір қалдыру