Құқық қорғаушылар Әйгерім Тілеужанды саяси тұтқын деп таныды

/image/2023/09/14/crop-0_9_380x675_image_l.png

Құқық қорғаушылар "Алматы әуежайын басып алу ісі" бойынша 4 жылға бас бостандығынан айырылған белсенді Әйгерім Тілеужанды саяси тұтқын деп таныды. Құқық қорғаушылардың сараптамалық кеңесінің шешімі туралы 13 қыркүйекте "Ар.Рух.Хақ" қоғамдық қорының президенті Бақытжан Төреғожина хабарлады.

Тілеужанова Әйгерім, белсенді, журналист, кәсіби аудармашы. Бірнеше рет өзінің белсенді азаматтық ұстанымы үшін айыппұлдар мен қамауға алу түріндегі әкімшілік жазаларға тартылған. А. Атабекті еске алу рәсіміне қатысқаны үшін әкімшілік қамауға алынған А. Тілеужанова 2022 жылдың 5 қаңтарында арнайы қабылдағыштан кешке босатылады да, Жаңаөзен қаласын қолдауға митингке шыққандарды қолдау үшін Республика алаңына бет алады. Келесі күні ҰҚШҰ күштерін енгізу туралы ақпараттан кейін, ол алаңға наразылықпен қайта шығады, содан кейін Ресейден әскерилердің келуіне көз жеткізу үшін белсенділермен бірге әуежайға барады. Әскерилердің болмауына көз жеткізіп, ол қайтып кетеді. Алайда, оған қылмыстық іс қозғалып, 11.07.2023 ж. үкімімен кінәлі деп танылған, ҚР ҚК 272-бабының 1-бөлігі бойынша 4 жылдық мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілген. 

Апелляциялық сатыдағы сот 2023 жылдың 19 қыркүйегіне тағайындалды.

"Алматы әуежайын басып алу ісі" бойынша Әйгерім Тілеужаннан бөлек тағы төрт адам сотталған. Сот олардың әрқайсысы 8 жылға бас бостандығынан айрылды. 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар