Алматы облысында 4,6 балдық жер сілкінісі болды

/image/2023/09/19/crop-1_7_673x1196_dger-silkinisi.webp

Жерасты дүмпуі Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "СОМЭ" ЖШС сейсмикалық станциясында 19 қыркүйекте 06:57-де тіркелген. 

"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматының шығысында 149 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10,3. MVP магнитудасы – 4,6", – делінген хабарламада. 

Еске салайық, 5 қыркүйекте қазақстандық сейсмологтар Қырғызстан аумағында болған жер сілкінісін тіркеген еді. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар