Аталған мерзімде 2022 жылға арналған жеке мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталады. Салық төлеушілер: жеке үйлері, пәтерлері, саяжайлары, гараждары және басқа да ғимараттары бар тұлғалар.
Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, төлем мерзімінің аяқталуына санаулы күндер қалса да, 55 644 алматылық тұрғын жалпы сомасы 735 миллион теңге салық төлемеген. Салықтың негізгі бөлігі Алматының Медеу ауданы тұрғындарына, кәсіпкерлеріне тиесілі. Оның көлемі – 315 миллион теңге.
«Төлем мерзімі өткеннен кейін салық заңнамасының нормаларына сәйкес салықты төлемеген тұлғалар банктік қызметтерді ала алмайды, оның ішінде банктік шоттарды ашу, аударымдар жасау, несие алу және т.б. Кешіктірілген әрбір күн үшін 1,00 Ұлттық банк белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 25 еселенген мөлшерінде өсімпұл алынады», – деп хабарлады Алматы қалалық Мемлекеттік кіріс департаменті.
Сонымен қатар, мәжбүрлеп өндіріп алу мақсатында салық органдары сот орындаушыларына салық ұйғарымдарын жібереді, олар борышкерлерге, оның ішінде мүлкіне және банк шоттарына тыйым салу, сондай-ақ елден тысқары жерлерге шығуды шектеу шараларын қабылдайды. Мұндай жағдайларда салық берешегінен бөлек қарыз сомасының 25 пайызын құрайтын сот шығындары ұсталады.
Салық төлемеуге байланысты келеңсіз жағдайларды болдырмау үшін салық қызметкерлері жеке тұлғаларға жақын күндері мүлік салығын төлеуді ескертеді.
Пікір қалдыру