Путин Медведевтің туған күніне орден сыйлады

/uploads/thumbnail/20170708200511363_small.jpg

Күні кеше Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев «Отанына қосқан үлесі үшін» бірінші деңгейлі орденімен марапатталды. Бұл туралы «Қамшы» порталы құқықтық ақпарат ресейлік ресми интернет-порталына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Құжатта айтылғандай, Владимир Путин Медведевті марапаттау жөніндегі жарғыға осыдан бір ай бұрын, 14 қыркүйек күні – тура премьер-министрдің 50 жас толған күнінде, қол қойған болатын.

Жарғы мәтініне сәйкес, Дмитрий Медведев Ресейдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін марапатталған. Айта кетейік, 2008 жылы ол Ресей президенттілігіне сайланып, Владимир  Путинді алмастырған болатын. Ал, 2012 жылы өз еркімен орнын бұрынғы президентке берген еді.

Қатысты Мақалалар