Ұлтсыз халық жетім деген. Бүгін – Әлиханды атқан күн

/image/2023/09/27/crop-27_1_359x479_vdvs.jpg

1937 жылдың 27 қыркүйегінде қазақтың ұлы тұлғасы, Алаш арысы Әлихан Бөкейханов жалған айыппен Мәскеуде өлім жазасына кесілген. 

Үкім сол күні-ақ орындалды.

XX ғасырдың басында ұлт тәуелсіздігі үшін күрескен Әлихан Бөкейханов 1866 жылы 5 наурызда қазіргі Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында дүниеге келген.

Молдадан әліпби үйреніп, кейін 3 жылдық мектепте оқыған ол кейін Омбы техникалық училищесін, Петербор университетінің заң факультетін тәмамдаған. 

Әлихан Бөкейханұлы бастаған Алаштың асқақ арманы – қазақ мемлекетін құру еді. 1917 жылы шілдеде Орынборда бірінші жалпықазақ съезінде Алаш ұлттық саяси партиясы заңдастырылып, Алаш үкіметін құруға қадам жасалды.

Ал совет үкіметі орнағаннан кейін Әлихан Бөкейханов қуғыннан көз ашпады. Оған ұлтшыл деген айып тағылып, Мәскеуге жер аударылды. Сонда да қазақ мемлекетінің тұтастығы жолында күресін тоқтатпай, мақалалар, баяндамалар жазған Әлихан Бөкейханов ақыры 1937 жылы ату жазасына кесілді. 

Қуғын-сүргін жылдары қазақтың 25 мыңға тарта маңдайалды азаматы атылды.

Әлихан Бөкейханов иісі қазақтың санасында мәңгі жаңғырады, сақталады!

Әлихан Бөкейханов

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар