«Қарағанды-Энергоцентр» ЖШС 220 кВ ЖЭО-3 ашық тарату құрылғысында қысқа тұйықталу және Қарағанды ЖЭО-3 және Топар ГРЭС байланыстыратын 110 кВ электр беру желілерінің одан әрі шамадан тыс жүктелуі салдарынан аталған электр станцияларында генерацияның толық төмендеуі орын алды. Өндірістің төмендеуіне байланысты Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысының өнеркәсіптік тұтынушылары бойынша шамамен 350 МВт шектеулер енгізілді» – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта аталған электр станцияларының жұмысы қалпына келтірілуде. Жақын арада шектеулер алынады.
Жағдай Энергетика министрлігімен Қарағанды облысы әкімдігінің бақылауында.
Технологиялық бұзушылықты тергеумен Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті айналысады.
Пікір қалдыру