Мексикада Facebook әлеуметтік желісі арқылы кісі өлтіруге жалданған 14 жастағы жеткіншек қамауға алынды. Бұл туралы «Қамшы» порталы bbc.com-ға сілтеме жасай отырып хабарлайды. Төменгі Калифорния штатындағы прокуратура өкілінің мәлімдеуінше, жеткіншек полиция қызметкерлеріне Тихуана қаласындағы бір адамды 31 мың песоға (1,9 мың доллар) өлтіргені туралы мойындаған екен.
Белгіленген уақытта жас жігіт есірткі сататын қала аудандарының біріне таксимен жетіп, ол жерден қажетті қару-жараққа ие болып, өлтіретін адамы туралы ақпарат алған.
Өз міндетін орындаған жеткіншек, полиция қызметкерлерімен тұтқындалған соң, болған жайтты боямасыз баяндап берген.
Тихуана қаласының полиция басшысы Алехандро Ларес Мексикадағы қылмыстық топтардың кісі өлтіруге жас жеткіншектерді бұлай жұмылдыруы алғаш рет орын алып жатқан жайт емес екендігін айтып өтті. Бұған себеп, кәмелеттік жасқа толмаған балалардың қамауға алыну мерзімі ересектерге қарағанда әлдеқайда аз болатындықтан екен.
Мәселен, 2010 жылдың желтоқсанында Мексикада «Эль Пончис» деген лақап атқа ие 14 жастағы жеткіншек төрт кісі өліміне кінәлі екенін мойындаған болатын.
Пікір қалдыру