Армения ТМД-дан теріс айналды

/image/2023/10/11/crop-133_3_517x690_6usmqrgm.jpg

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Қырғыз президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесіп, ТМД саммитіне қатыспайтынын мәлімдеді.

ТМД саммиті 13 қазанда Бішкекте өтеді. 

Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі хабарлағандай, екі елдің басшылары екі жақты қарым-қатынасты талқылап, саммитке қатысты мәселелерді сөз еткен.

ТМД саммитіне Пашинянның орнына Арменияның сыртқы істер министрінің орынбасары бармақ.

Таулы Қарабақ толығымен Бакудың бақылауына өткеннен кейін Ресей мен Армения арасы нашарлады, деп жазады centralasian.

  • Ереван одақтасының Кавказдағы әрекетін сынға алып, ҰҚШҰ-дан өкілін қайтарып алды.
  • Украинаға гуманитарлық көмек жіберіп, Владимир Путинді қамауға алуға ордер берген Халықаралық қылмыстық соттың шешіміне қосылғанын мәлімдеді.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян италиялық La Repubblica газетіне берген сұқбатында Ресейді бітімгерлік міндетін атқармады деп айыптады.

Ол сонымен Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымынан да көңілі қалғанын жеткізді.

Бұған дейін ТМД ұйымынан Грузия мен Украина шығып кеткен.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар