Мұнай компаниясының 100% акциясының жалпы құны 35,4 млрд теңгеге бағаланған. "Акционерлер жалпы құны 35 417 122 000 теңгені құрайтын қоғамның 13 749 100 жай акциясын (100%) мемлекет меншігіне ерікті түрде және өтеусіз өткізу туралы шешім қабылдады", – делінген KASE Қазақстан қор биржасының сайтында.
Еске салсақ, тергеу шеңберінде жалпы құны 90 миллиард теңгеден асатын активтерді, оның ішінде: мұнай кен орнын, газ тарату компаниясын, сервис саласындағы кәсіпорынды, қонақ үй және сауда-ойын-сауық кешендерін, фитнес орталықтар желісін, кеңсе үй-жайларын және басқа да активтерді мемлекет меншігіне ерікті түрде қайтару жөнінде шаралар қабылданған.
Ведомоствоның мәлімдеуінше, «бұған дейін Қайрат Боранбаев табиғи газ импорты кезінде қаражатты жымқыруы бойынша тергеу аясында 14,5 миллиард теңге көлемінде материалдық шығынды өтеген. Агенттік заңсыз активтерді іздеу және қайтару бойынша жұмысты жаслғастырылып жатыр» деп жазылған хабарламада.
Әйгілі Forbes басылымы Боранбаевты Қазақстандағы ең ықпалды бес кәсіпкердің қатарына жатқызған еді. Басылымда оның Қазақстандағы «Есентай молл», «Рахат Палас», «Алмалы», т.б сауда орталықтарына толық және жартылай иелік еткендігі, шетелде де жылжымайтын мүліктері бар екені жазылған.
Пікір қалдыру