Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің бөлім басшысы Руслан Қаржаспеков 1 шілдеде елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтілгенін айтты. Сол күннен бастап, құқық қорғау органдарында осындай факторлар бойынша 27 мың арыз түсіп, оның 8 пайызы есептен шығарылған.
- Тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша 1 шілдеге дейін 60 пайыз іс қозғалған. Бұл тұрмыстық жанжалдарға қатысты өтініштердің 92 пайызын құрайды, – дейді.
Сондай-ақ ол қазіргі таңда материалдық не өзге де тәуелділіктерде болған адамдардың денсаулығына зиян келтіру фактілері бойынша 49 сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталғанын, сот шешімімен 6 мың құқық бұзушы қамауға алынып, 13 мың отбасы татуласқанын айтады.
Пікір қалдыру