"ҚазАвтоЖол" жүргізушілерге ақшаcын қайтарып жатыр

/image/2023/10/16/crop-13_5_259x461_1613794001_akyly-zhol.jpg

«Қарағанды көлік прокуратурасы ақылы автомобиль жолдарымен жүру негіздері туралы шартта автокөлік жүргізушілерінің құқықтарына қайшы келетін талапты анықтады» деп жазады Qamshy.kz.

Ақпарат бойынша, жедел жол қызметтерін тұтынушылар көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін ауыстырған жағдайда пайдаланылмаған төлемдерді қайтара алатын тармақ болмаған.

"Қазіргі таңда шарттарға тиісті түзетулер енгізіліп, ақпарат беру мақсатында "Қазавтожол" АҚ-тың ресми сайттарында орналастырылды (www.qaj.kz, www.1403.kz). Сонымен қатар прокуратураның талдауы Қарағанды облысы бойынша 69 мың автокөлік жүргізушісіне 38 млн теңгеден астам сомаға аванстық төлемдер қайтарылмағанын көрсетті. Прокуратураның араласуынан кейін ғана тұтынушылардың мүліктік құқықтарын қалпына келтіру жұмыстары басталды", – делінген хабарламада.

Одан бөлек, ұлттық оператордың мүдделерін қорғау өте әлсіз жүргізілгені анықталды. Себебі, осы қызметтерді 138 мың тұтынушының 3 жыл ішінде жалпы сомасы 50 млн теңгеге берешегі жинақталғаны белгілі болды.

"Көбінесе мұндай адамдарға қатысты материалдар ақылы автомобиль жолдарымен жүргені үшін уақтылы төленбеу белгілері бойынша оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында көліктік бақылау инспекциясына жолданбаған. Прокуратураның актісі бойынша "Қазавтожол"АҚ филиалының басшылары жол ақысын төлемеген автокөлік жүргізушілеріне қатысты әкімшілік ықпал ету шараларынан алшақтатқаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылды", – деп хабарлайды Бас көлік прокуратурасы.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар