Қытайдан қашқан қандастар мәселесі тағы көтерілді

/image/2023/10/18/crop-6_87_1138x2022_dsc_0051.jpg

Бүгін Мәжілісте Қазақстанға шекараны заңсыз кесіп өтіп келген Қытайдан келген қандастардың мәселесі көтерілді. Депутат Ермұрат Бапи қандастардың үшінші елге өтіп кетуіне көмек беру керегін айтты. 

"Бұл азаматтар Қазақстанда дәрігерге қаралу, жұмыс орнын табу, тіпті сим-карта алуда проблемаларға кезіккен. Әрине, бұл жерде Қазақстан мен Қытай арасында жасалған түрлі мемлекеттік келісімдер бар ғой. Бәрін тізіп шығатын емес. Сондықтан Қазақстан біріншіден, осы келісімдерге кері қылық, әрекет жасағысы келмейді.

Екіншіден, ұлы көршісінің ашуын тудырғысы келмейді. Бұл түсінікті жағдай. Сондықтан бұл азаматтарға босқын мәртебесін немесе азаматтық бере алмасақ, тым құрығанда үшінші елге кетуге мүмкіндік жасап беру керек. Сайрагүл Сауытбай кеткендей, Қастер, Мұрагер, Қайша үшеуіне үшінші елге мүмкіндік беретіндей виза беру керек", - деді депутат Мәжіліс кулуарында.

 

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар