Семейде Республика күніне орай «Полиглот» сайысы өтіп жатыр

/image/2023/10/20/crop-11_104_706x1256_whatsapp-image-2023-10-20-at-15.59.18-2.jpeg

Сайыс үш тілді меңгерген жастарды анықтауға және қолдауға арналған. Бұл жылы ол Абай музейінде ұйымдастырылды.

Сайыс қатысушылары іріктеуден өткен үш тілді жетік меңгерген 9-10 сынып оқушылары. Сайыс екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең тест сұрақтарынан құралса, екінші кезеңде оқушылар тыңдалым тапсырмаларын орындайды. Осылайша олардың қазақ, орыс және ағылшын тілдері бойынша біліктіліктері мен тыңдап-түсіну деңгейлері анықталады.

лщз

«Полиглот - жыл сайын өтетін дәстүрге айналған сайыстардың бірі. Көптілді білім беру бағдарламасы жаһандану жағдайында бәсекеге қабілетті және тіл мәдениетін білетін ұрпақтың қалыптасуына ықпал етеді. Сол себепті де бүгінгі сайыста біз үш тілді меңгерген жастарды анықтап, оларға әрі қарай қолдау көрсету мақсатында жиналдық»– дейді қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Маржан Бахатова.

дь

Бұл - Қазакстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясындағы шара.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар