Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада қаза тапқан соңғы кеншінің мәйіті табылды.Бұл туралы қаза тапқан кеншінің жақындары айтты.
«Қаза тапқан 46-шы кеншінің денесі табылды. Бұл жаңалықты марқұм кеншінің туыстары хабарлады. Әзірге Төтенше жағдайлар министрлігінен ресми растау жоқ», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 28 қазанда Костенко шахтасында метан газы жарылған болатын.
Пікір қалдыру