Қазақстан 120 миллион теңгеге Ресейден У сатып алатын болды

/uploads/thumbnail/20170708200551191_small.jpg

Астана бұл процесске рұқсатын беріп отыр. Ресейдің әскери сынақ алаңында ұшырылатын зымырандарының қалдығы енді біздің территорияға құлайтын болды. Демек, Омбыдан ұшқан зымырандардың қалдығы Маңғыстауға келіп түседі. Бұл туралы «Қамшы» «КТК» арнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

            Жерді жалға алғаны үшін Ресей Қазақстанға 120 миллион теңге беріп отыр. 120 миллион теңге. Ойлап қарасаңыз бұл тым құрығанда бір аурухана салуға да жетпейтін қаражат. 

            «Гептилдің (зымыран қалдықтарында бар химиялық элемент) зияны атом жарылысынан да қауіпті»,- деген пікірі бар эколог Жалғас Алпысбаевтың. Уыстап берген удың ақысын 120 миллион теңге қалай ақтамақ? Семей мен Байқоңыр бітіп бағаналы Бекет ата, Маңғыстау өңіріне зымыран құлағаннан не ұтамыз? Ресей аумағындағы мыңдаған шақырымға созылған талай елсіз тундралар жатқанда, аядай Маңғыстауға зымыран қалдықтары неліктен құлауы тиіс?

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар