Американдық әскер ауған жерінен кетпейтін болды

/uploads/thumbnail/20170708200601145_small.jpg

АҚШ Президенті өз әскерін Ауғанстаннан жақын арада алып шықпайтындығын айтты. Келесі жылдың өзінде ауған елінде 10 мың американдық әскери қызметкер жүретін болады. Бұл  туралы «Қамшы» порталы euronews.com-ға сілтеме жасай отырып хабарлайды. Ал, 2017 жылы олардың 4,5 мыңы еліне қайтса, қалғаны тағы біраз тұрақтайды екен. Әскерді шығару мәселесі ауғандық көшбасшылар мен дала командирлерімен бірнеше ай бойы талқыланды. Обама қазіргі контингенттің тең жартысы отанға оралатыны жөнінде уәде берген болатын. Бірақ, талибандықтардың Құндыз қаласына үздіксіз жасап жатқан шабуылдары президентті райынан қайтарды.

Айта кетейік, бүгінде американдық әскер ауғандық әскери қызметшілерге кеңес беріп, дайындықтан өткізіп жатыр. 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар