«Шығыс Қазақстан облысының он тұрғыны көші-қон заңнамаларын бұзғаны үшін ел аумағынан шығарылып, тағы 25 тұрғынға айыппұл салынды» деп хабарлайды Қамшы.kz Шығыс Қазақстан облысы ІІД көші-қон полициясы басқармасы таратқан ақпаратқа сүйеніп.
Заң талаптарын бұзған ол азаматтардың барлығы Ресейдің отандастарды қоныстандыру мемлекеттік бағдарламасы бойынша өтініш бергендер екен. Оларға Ресей тарапы Қазақстан Республикасының азаматтығын тапсыруын күтпей, Ресей Федерациясының төлқұжаттарын тапсыра берген.
«Бұл азаматтардың барлығы Ресей азаматтығын алу үшін мигрант мәртебесімен Ресейге барғандар. Сол жерде оларға миграциялық органдар Қазақстан азаматтығынан шыққанын растаусыз-ақ құжаттар берген. Өздеріндегі Қазақстан Республикасының төлқұжаттарын не істейміз дегендерге «Қазақстанға өткізіңдер» деп жауап берген. Қазақстандық төлқұжаттарды тапсыруға келгенде осылай жауапқа тартылып отыр» делінген көші-қон басқармасының хабарламасында.
Қос азаматтық иелері Қазақстан заңдары бойынша елден күштеп шығарылады немесе 200 АЕК көлемінде (396400 теңге) айыппұл төлейді.
«Қамшы» сілтейді
Пікір қалдыру