Италияда күні кеше болған су тасқыны салдарынан бес адам қаза тапты. Бұл туралы «Қамшы» порталы euronews.com-ға сілтеме жасай отырып хабарлайды. Аталмыш апат Апеннин түбегіне құйып жауған жаңбырдың кесірінен орын алған көрінеді. Су тасқынынан едәуір зардап шеккен аймақ – Беневенто қаласы екен. Мұнда 70 жастағы ер адам мен әйел адамның мүрдесі табылыпты.
Апеннин түбегінің орталығы мен оңтүстігіндегі циклон өзендердің тасуына алып келген қатты жауыннан басталған. Синоптиктердің болжамы бойынша, жақын күндері жауын-шашын азайғанымен, келесі аптадан бастап, аталмыш ауа райы түбекке қайта оралады екен.
Пікір қалдыру