«Қазақстан Халық партиясы» көпбалалы отбасыларды мемлекеттік қолдауға қатысты маңызды мәселе көтеріпті.
Қазақстанда болып жататын қайғылы жағдайлардың көбі жоқшылықтың кесірінен. Қазақстандағы әкелер мен шешелер бірнеше жұмыс істеп, балаларын үйде қараусыз қалдыруға мәжбүр.
– Біз ең алдымен балалардың қауіпсіздігін, денсаулығын, тәрбиесін бірінші орынға қойып, Ресей мен Беларустың тәжірибесіне назар аударуымыз керек. Ресейде 2007 жылдан бастап енгізілген «Аналық капитал» бағдарламасына сәйкес, бала туғанда отбасы біздің ақшаға аударғанда 3 млн теңге көмек алады. Белоруссияда 2015 жылдан бастап үшінші және одан кейінгі баласын туған отбасы 10 мың доллар, яғни 4 млн 650 мың теңге алады.
Қазақстанда мұндай жүйені енгізу әлі қарастырылмаған.
Қазақстан Халық партиясы фракциясының депутаттары отбасында төртінші бала туғанда немесе отбасыда ерекше бала болса 5000 доллар, яғни 2 млн 300 мың теңге мөлшерінде «Отбасылық капитал» бағдарламасын іске қосуды ұсынады, деді депутат Гаухар Танашева.
Пікір қалдыру