Олай емес екен мүлдем. Атағы бар, ақшасы барлар мен биліктегі шенеуніктер де әйелдерін сабап, өлтіріп жатыр. Мәселен, «Немолчи.Kz» қоғамдық қоры ақшасы да, шені де болған бұрынғы және қазіргі күйеулерінің қолынан қаза тапқан әйелдердің тізімін теріпті.
Салтанат Құлжағарова. Астана қаласындағы белді кәсіпкердің әйелі Сымбат Құлжағарова 29 жасында 9-10 желтоқсанға қараған түні биіктен құлап, қаза болды. Қыздың мәйіті Нұр-Сұлтандағы тұрғын үй кешенінің бірінен табылған. Ол қайтыс боларынан бұрын 3 ай бойы желідегі парақшасына күйеуі балаларын тартып алу үшін күштеп психиатриялық ауруханаға жатқызғанын жазып, көмек сұрап келген. Бірақ оған көмектесетін ешкім табылмай, ол үйдің терезесінен секіріп кеткен. Оның өліміне күйеуі себеп болғаны туралы жаңалықтарда тараған.
Айнагүл Хайруллина. Орал қаласының экс-шенеунігі Бауыржан Хайруллин бұрынғы әйелі Айнагүл Хайруллинаны 18 жерден пышақтап, өлтіріп тастаған. Қаны сорғалаған Айнагүл Хайруллина полиция көлігінде көз жұмды. Некеде тұрған жылдары күйеуі Айнагүлді соққыға жығып, күн көрсетпейтін болған деседі. Бауыржан Хайруллин 15 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ажар Шадиева. Оның күйеуі Руслан Отарбаев шенеунік, Аманат партиясының мүшесі, өзі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау комитеті басшысының ұлы бола тұра, әйелін аяусыз соққыға жығып өлтірген. Қайғылы оқиғаға 15 полиция қызметкері, достары, туыстары куә болған. Бұл қылмысы үшін Руслан Отарбаев 12 жылға түрмеге қамалды.
Айман Асанова. Былтыр заңгер Айман Асанованы бұрынғы күйеуі Талғат Нұртаев 18 жерінен пышақтап өлтірген. Алайда Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Еркін Майшиновтың төрағалығымен қаза тапқан адамның бұрынғы күйеуі Талғат Нұртаев ең төменгі қауіпсіздік қылмыстық - атқару жүйесі мекемесінде 1,5 жылға ғана бас бостандығынан айыру жазасына кесілген.
ең төменгі қауіпсіздік қылмыстық - атқару жүйесі мекемесінде 1,5 жылға ғана бас бостандығынан айыру жазасына кесілген
Салтанат Нүкенованы экс-министр Қуандық Бишімбаев Астанадағы өзінің «Bau» мейрамханасында соққыға жығып, өлтіріп қойды. Марқұмның туыстары бұған дейін де Бишімбаевтың әйеліне бірнеше рет қол көтергенін айтады.
Елімізде бір кездері беткеұстар шенеуніктеріміздің бірі болған Бишімбаев әйелін өлтіріп жатса, тағы талайы әйелінен балаларын тартып алып, күн көрсетпей жүр. Тоқаевтың кеңесшісі болған, екі беті томпиған Олжас Құдайбергенов дейтін экономист бар. Жұрттың алдына шығып алып, ақыл соққанда алдына жан салмайды. Сөйтсек, ол үйінде әйелі Мөлдір Қабылованың қанын қасықтап ішетін есуастың өзі екен. Бейшара әйелі күйеуінен зәбір көргенін айтып, Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрауға мәжбүр болды. Оның айтуынша, күйеуі оған және балаларына зорлық-зомбылық көресетіп келген. Тоқаевтың кеңесшісі болып, айдарынан жел ескен Олжекең әйелге араша түсіп, көмектеспек болған әкесі мен ағасын да соттатып жіберген деседі.
Аз десеңіз, әнші Алтынай Жорабаева да бұрынғы күйеуі Сәбит Әбдіхалықовтан әбден жәбір көріп, 4 қызын алып, Астанаға бас сауғалап қашып кеткен.
Жоғарыда тізілгендер – кілең шенеуніктер, ел алдында жүрген аптал азаматтар. Олар сөйтсе, тұрмысын түзей алмай, қиыншылықтан көзін ашпайтын қарапайым халықтан не сұраймыз?!
Пікір қалдыру