Екі полиция қызметкері кәмелетке толмаған қызды зорлап, оны видеоға түсірген. Бұл туралы "Не молчи" қорының жетекшісі Дина Таңсәрі хабарлады.
«Бізге анонимді дереккөздің хабарлауынша, Қонаев қаласында екі полиция қызметкері қызмет бабын пайдаланып, 14 жастағы мектеп оқушысымен жыныстық қатынасқа түсіп, оны видеоға түсіріп алған (видеоны қазір тәртіп сақшылары таратып жатыр). Бізге белгілі болып отырғандай, оның біреуі кәмелет жасына толмағандар ісі жөніндегі инспектор, екіншісі ғимараттарды қорғау жөніндегі полиция қызметкері. Қазір екеуі де тұтқындалып, құжат бойынша ерте жұмыстан босатылған.
Бұл ақпарат қаншалықты рас, Рустам Әбдірахманов (Алматы облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары)? Растауды немесе жоққа шығаруды талап етеміз!» — деп жазды Дина Таңсәрі әлеуметтік желідегі парақшасында.
Дина Таңсәрі бұл оқиғаны Бас прокуратурасынан, Балалардың құқықтарын қорғау комитетінен және Динара Зәкиеваның жеке бақылауына алуды, ақпаратты нақтылауды сұрайды. Сондай-ақ ақпарат расталған жағдайда қызға психологиялық қолдау көрсетуді және қылмыстық істі бақылауға алуды өтінді.
Пікір қалдыру