Министр: "жұмыс істейтін адам үйге ақша жинауы керек"

/image/2023/11/22/crop-86_28_747x1329_photo_2023-09-19_11-18-04.webp

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәжіліс отырысында депутат Дәцулет Мұқаевтың жастарды баспанамен қамту мәселесіне қатысты сауалына жауап берді.

Министр сөзінде Қазақстанда баспанамен қамту мәселелері көп екенін айта отырып:

Егер сіз деніңіз сау, жұмыс істеу қабілеті бар адам болсаңыз, пәтер алуға қаражат жинауыңыз тиіс. Мен әр адамның жағдайы әртүрлі екенін түсінемін. Бірақ мемлекеттік тұрғыдан қарағанда, егер ерекше қажеттілігі бар балалар мен жұмыс істеп, ақша табуға қабілетті адамдардарды салыстырар болсақ, кешіріңіз, мен ерекеше қабілеттілігі бар балаларды таңдаймын. Мен бұл біз қолдауымыз тиіс бағыт деп ойлаймын» деді.

Сондай-ақ министрдің ойынша қаржылай сауатты болу – бұл мәселені шешудің жалғыз жолы.

  • Қазір бар ипотекалық бағдарламалар аясында үй алуға әрекет жасаудың жалғыз жауабы – бұл қаржылай сауатты болу, қаражат жинау, – дейді Шарлапаев.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар