Жел мен қатты жаңбыр салдарынан еліміздің үш өңіріндегі 8 жол учаскесіндегі жол қозғалысына шектеу енгізілді. «Қазавтожол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, күтіп-ұстау жұмыстарына 170 арнайы техника мен 240 маман жұмылдырылған.
Ақмола облысында:
«Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» күре жолының Қостанай облысының шекарасынан Сұрған ауылына дейін;
«Жақсы – Есіл – Бұзылық» жолының Жақсы ауылы мен Бұзылық ауылы арасы;
«Жезқазған – Петропавл» күре жолының СҚО шекарасынан Қостанай облысының шекарасына дейін;
«Екатеринбург – Алматы» тасжолының СҚО шекарасынан Атбасар қаласына дейінгі аралығы.
Солтүстік Қазақстан облысында:
«Жезқазған – Петропавл» күре жолының Ақмола облысының шекарасынан Дружбинское ауылына дейін;
«Екатеринбург – Алматы» күре жолының Чистополье ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралық.
Қостанай облысында:
«Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» күре жолының Әулиекөл ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейін;
«Жезқазған – Петропавл» тасжолының Арқалық қаласы мен Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралығында.
Пікір қалдыру