Бұрынғы мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев 10 жылға сотталды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Оған пара алды деген айып тағылған еді.
"Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты аса ірі мөлшерде пара алу фактісі бойынша экс-вице-министр А.-ға қатысты үкім шығарды (ҚК 366-бабының 4-бөлігі). Сот не белгіледі: экс-вице-министр 2018 жылдың ақпанынан 2020 жылдың шілдесіне дейін «Атамекен» ҰКП мүдделері үшін тиімді ресми шешім қабылдауға ықпалдасып, делдал арқылы М.-дан жалпы сомасы 115 мың АҚШ доллары және 8 млн.150 мың теңге ақшаны пара ретінде алды. Сотталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, ұялы телефондағы хат-хабарлармен, жасырын тергеу әрекеттерінің жазбаларымен, сараптама актілерімен, заттай дәлелдемелермен және т.б. дәлелденді", – делінген хабарламада.
Ол өзіне тағылған айыппен келіспеген. Бұған дейін прокурор Әлтаевты 12 жыл колонияға қамап, белгілі бір лауазымды қызметті атқару құқығынан өмір бойына айыруды сұраған.
Прокурордың айтуынша, экс-депутат Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тұрған кезде “2018-2020 жылдар аралығында делдалдар арқылы 50 млн теңгеден артық пара алған”. Қылмыстық іс қылмыстық кодекстің 366-бабы 4-бөлігі бойынша қозғалған.
Пікір қалдыру