Атырауда Нұрлан Балғымбаевпен қоштасу шарасы өтті

/uploads/thumbnail/20170708200611067_small.jpg

Қазақстанның экс-премьер министрі Нұрлан Байлғымбаев Атыраудың Дина Нұрпейісова атындағы Мәдениет үйінен соңғы сапарға шығарылды. Қоштасу шарасына Қазақстан Республикасының Премъер-министрі Кәрім Мәсімов қатысып, Елбасының көңіл айту хатын оқыды,- деп хабарлайды Қамшы.kz.

Сонымен қатар, марқұммен қоштасу жиынына үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, мұнай-газ саласының өкілдері қатысты.

Естеріңізге салар болсақ, 14 қазан күні еліміздің бұрынғы Премьер-министрі Нұрлан Балғымбаев ауыр науқастан көз жұмды. Н. Балғымбаев әр жылдары еліміздің мұнай-газ саласында түрлі қызмет етсе, 1997-1999 жылдары Қазақстан Республикасының Премьер-министрі лауазымын атқарды. Премьерліктен соң Нұрлан Өтепұлы ҚР Президентінің кеңесшісі, «Қазақойл», «Қазақстан мұнай инвеститциялық компаниясы» АҚ-ы президенті, ҚР Президентінің кеңесшісі, Каспий теңізі ресурстарын пайдалану мәселелері жөніндегі Қазақстанның арнайы өкілі,  «ҚазМұнайГаз» салынып жатқан кәсіпорындарының әкімшілігі» ЖШС бас директоры лауазымдарында болды.

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар