В. Путин Сириядағы әскери операцияның мерзімін айтып берді

/uploads/thumbnail/20170708200611739_small.jpg

Ресей әуе-ғарыш күштерінің Сириядағы әскери операциясы мерзімдік шектеулерге ие. Бұл туралы Ресей Президенті Астанада өтіп жатқан ТМД мемлекеттері басшыларының отырысында мәлімдеді. Бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды. «Біздің әуе күштердің Сириядағы операциясы белгілі бір шектеулерге ие. Авиация тек лаңкестер мен солардың қол астындағы нысандарға шабуыл жасауда. Әуе операциялары уақыт жағынан да шектеулі. Біз әуе шабуылдарын сириялық әріптестеріміз жердегі шабуылдау операцияларын аяқтағанша жалғастырамыз», - деп атап өтті Ресей басшысы.  

Естеріңізге салсақ, 30 қыркүйек күні Ресей әуе-ғарыш күштері Сирия аумағындағы лаңкестер нысандарына бағытталған әуе соққыларын бастағаны белгілі. Мұны Ресей билігі Сирияның заңды басшысы Башар Асадтың өкімет әскеріне қарсы соғысып жатқан содырларға соққы беруді сұраған өтінішімен түсіндірді.

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар