Алматы әкімінің екі орынбасары тағайындалды

/uploads/thumbnail/20170708200626926_small.jpg

Алматы қаласы әкімінің орынбасарлары болып Арман Қырықбаев пен Әсел Жүнісова тағайындалды,- деп хабарлайды «Қамшы.kz» қала әкімдігінің баспасөз-қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Бұл қызметті бұған дейін атқарған Зәуреш Аманжолова мен Мұрат Құдышевтің басқа жұмысқа ауысқанына байланысты лауазымдарынан босатылған болатын.

Жаңа қызметке тағайындалған А. Қырықбаев қала әкімдігінде ішкі саясат, мәдениет, денсаулық сақтау мен білім беру саласын үйлестірсе, Әсел Жүнісова экономика, бюджеттік жоспарлау мен қаржы саласына жетекшілік жасамақ.

Естеріңізге салсақ, А. Қырықбаев 2014 жылғы ақпаннан 2015 жылғы тамызға дейін «Нұр Отан» партиясы төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі қызметін атқарса, Әсел Жүнісова өткен жылдың ақпаны мен 2015 жылғы қаңтар аралығында «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратын басқарған.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар