Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяоны, сосын Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады.
Қытай елшісімен:
- кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Қытаймен барлық бағыт бойынша ықпалдастықты жандандыруға ниетті екенін айтты.
- Кездесуде сауда, ауыл шаруашылығы, энергетика, жаңа технология, көлік және логистика салаларындағы өзара тиімді қатынастарды одан әрі арттыру маңызды екені атап өтілді. Сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселесіне де назар аударылды.
Ресей елшісімен:
- кездесуде Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелері және даму перспективалары қарастырылды.
Пікір қалдыру