Депутат: Есірткі саудасына полицейлердің де қатысы бары жасырын емес

/image/2023/12/11/crop-7_118_1428x2539_esirtki.jpg

Бүгін Мәжілісте өтіп жатқан үкімет сағатында депутат Снежанна Имашева есірткі саудасына қатысы бар полиция қызметкерлері туралы сөз қозғады. Оның айтуынша, биыл есірткі заттарын сатқаны және сақтағаны үшін құқық қорғау органдарының 11 қызметкері мен әскери қызметшілері ұсталған. 

"Полиция қызметкерлерінің өздері есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар екендігі бізді алаңдатып отыр. Нашақорлықпен күресушілердің өздері оған көмектесетіні ешкімге құпия емес. Мұндай фактілерге үзілді-кесілді жол берілмеу керек және сыбайлас жемқорлық жағдайы сияқты, мұндай шибөрілердің басшылары да жауапқа тартылуы немесе қызметінен босатылуы қажет.", деді Имашева.

Депутат ұсталған азаматтардың арасында көші-қон полициясының қызметкерлері, полиция департаменті есірткіге қарсы басқармаларының басшылары мен жедел уәкілдері, ұйымдасқан қылмысқа қарсы басқармасының, түзеу мекемесінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері бар екенін атап өтті. 

Имашеваның мәліметінше, биыл Қазақстанда есірткіні медициналық мақсаттан тыс пайдаланудың 370 мыңға жуық фактісі анықталған.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар