"Бас ауыртып жатқан органдар бар": Министр шекарадағы ұзын-сонар кезек туралы сұраққа жауап берді

/image/2023/12/13/crop-8_1_893x1588_mycollages-35.jpg

Еліміздегі шекарадағы көліктердің кептелісі туралы мәселе мәжілісте көтерілді. Бұл туралы депутат Мақсат Толықбай айтты. 

"Шекара пунктерін өткізу қабілетін арттыру шаралар қабылдап жатырмыз, дамытып жатырмыз дейміз. Бірақ  Қырғызстанмен шкараға бара қалсаң үнемі ұзын-сонар кезек, жүк көліктерінің кептелісі бәленбай шақырымға созылып жатады. Қазан айында ақпарат құралдары 600-ге жуық көліктің апталап кезекте тұрғанын жазды. Кейбір тауарлардың мерзімі өтіп кетіп жатты. Бұл тек Қырғызстанмен шекарадағы жағдай емес. Ресей шекарасына барсаң да үнемі осындай айғай-шу болып жатады. Жалпы осы проблеманы қалай шешеміз? Осыған бас ауыртып жатқан адам бар ма?", деді Мақсат Толықбай. 

Мақсат Толықбайдың бұл сауалына қаржы министрі жауап берді. Ол шекара бекеттеріндегі кептеліс пен кезекті болдырмау үшін керекті шаралар қолданылып жатырғанын, бұл жұмыстардың 2025 жылы аяқталатынын айтқан болатын. 

"Бас ауыртып жатқан мемлекеттік органдар бар. Негізгі деген 10 сыртқы бекеттер бойынша толық модернизация жүргізіліп жатыр.  Ресей және Қырғызстан елдерімен шекара бекеттерінде көлік кептелісі болып жататыны рас. Алайда бұл көлік министрлігіне қарасты болғандықтан олардың өз жоспарлары бар. Қазірдің өзінде кептеліс болмауы үшін керек жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Тасымалдаушылардың алдын ала кезекке тұруына да мүмкіндік жасалған. Ал сіз айтып отырған 600 көліктің кептелісте тұруына келетін болсақ, арнайы операция кезінде, контрабандалық тауарларды өткізу барысында кептеліс орын алып тұратынын мойындаймыз", деді қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар