"Талабымыз орындалмады": Маңғыстаулық мұнайшылар 4 күннен бері далада түнеп жүр

/image/2023/12/14/crop-15_10_659x1171_657a1c08a3ef8759301830.jpg

Маңғыстауда өндіріс базасында ереуілге шыққан 500-ге жуық мұнайшы 4 күннен бері далада түнеп жүр. Мұнайшылардың президентке жасаған видеоүндеуі әлеуметтік желіде тарады. 11 желтоқсаннан бері ереуілге шыққан мұнайшылар компаниядағы еңбек жағдайының нашар екенін, қолданыстағы техниканың тозығы жеткенін айтады. 

"Біз, Маңғыстау облысындағы West Oil Soft ware жұмысшылары бұған дейін заң аясында өз талаптарымызды қойғанбыз. Талабымыз орындалмай қалды. Осы талаптарды орындамағандықтан, біз конституциялық құқығымызды пайдалана отырып, төтенше шаралар қолдандық.  Атап айтқанда, 11 желтоқсанда көшеге шықтық", - дейді.

Сондай-ақ жұмысшылар біріңғай жалақы төлеу жүйесін енгізуді, өзін Қазмұнайгаз компаниясына қайтаруды талап етіп отыр. 

Ал Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы WestOilSoftware компаниясы қызметкерлерінің әрекетіне баға берді. Олардың 3 талабының екеуі "еңбек арбитражының отырысында ескертілген" еңбек дауына негіз болмайды деп отыр.

"Жұмысшылардың бір талабы қанағаттандырылды, сондықтан жұмысшылардың ереуілге шығуы еңбек заңнамасына сәйкес, негізсіз болып тұр. Бөлім басшысы аталған кәсіпорын қызметкерлерінің талаптары бойынша еңбек заңнамасының нормаларын түсіндірді. Бұл талаптар дауды және проблемалық мәселелерді шешетін мүмкіндікті қарастыру үшін құрылған келісім комиссиясы мен еңбек арбитражының отырысында қаралды. Осылайша, үш талаптың бірі – көліктер мен арнайы техникаларды жаңғырту "ҚазМұнайГаз" және "Мұнай көлік корпорациясы" компанияларының өкілдерімен бірнеше рет талқыланды. 16 қарашада өткен еңбек арбитражының отырысында көпшілік дауыспен "ҚазМұнайГаз" компаниясы ұсынған бағдарлама бойынша көлік техникасын жаңарту талабын қанағаттандыру туралы хаттамалық шешім қабылданды", - деп хабарлады ведомство өкілі .

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар