Ақтөбедегі жол апаты: Оқушыларды олимпиадаға апарған көлік жүргізушісі қамауға алынды

/image/2023/12/20/crop-21_21_648x1153_65828ca062bf4848649297.jpg

Ақтөбе облысында оқушыларды олимпиадаға апарған көлік жүргізушісі қамауға алынды. 19 желтоқсанда сағат 8:30 шамасында «Құрылыс» ауылының маңындағы Самара-Шымкент автожолында жол апаты болды.

Toyota Alphard автокөлігі мен Volvo жүк көлігі соқтығысқан. Салдарынан Toyota Alphard автокөлігінің жолаушылары, ер адам (мұғалім) және 2007 жылы туған екі оқушы оқиға орнында қаза тапты.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жол апатының мән-жайы анықталып жатыр.

Бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Ақтөбе облысында жол апатынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғарып көңіл айтты.

"Қаза тапқандардың отбасыларына қажетті қолдау, оқушыларға тиісті психологиялық көмек көрсетіледі. Оқу-ағарту министрлігі білім беру ұйымдарының басшыларына қысқы кезеңде балаларды қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты күшейту қажеттігін еске салады", – делінген ақпаратта.

Қауіпсіздік техникасы және санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау бойынша нұсқаулық білім беру ұйымдарына жіберілген.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар