Қазақстанда Назарбаев зияткерлік мектептерінде білім алуға мүмкіндік беретін "Өркен" грантының сомасы көбейеді. Атап айтқанда, грант құны:
студент жатақханада тұратын болса – 3 247 305 (бұрын 3 036 859) теңгені;
ал студент жатақханада тұрмайтын болса – 2 349 191 (бұрын 2 150 208) теңгені құрайды.
Бұл өзгеріс әлі талқылауда болғанымен, ол қабылданған жағдайда 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады.
"Өркен" грантының мәні жыл сайын индекстеледі. Грант құны 2023 жылдың басында да шамамен 30 мың теңгеге өскен болатын.
Еске салайық, 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджетке сәйкес, 2023-2025 жылдары НЗМ мектептеріне арналған оқу гранттарын тағайындауға 100 млрд теңге шамасында қаражат республикалық бюджеттен бөлінеді. Оның ішінде:
2024 жылы – 33 971 483 мың теңге;
2025 жылы – 33 604 084 мың теңге.
Пікір қалдыру