Прорубьке түсіп, қазақ кім бола алмай жүр?

/image/2024/01/23/crop-140_-7_756x1009_news_full15795157834ca411956a94dfab6db4e9d706af60b2.jpg

Қазақтардың орыстың «крещение» мерекесіне қатысып жатқан видеолары тарады тағы да әлеуметтік желілерде.

Біреу үш рет «Аллаһу акбарын» айтып сүңгіп шықты.

«Бүгін «крещениені» тойлатып, ертең жұма намазына барамыз» деп қояды тағы бірі. Орыстар аң-таң. Қазекеңдердің өздерімен жағаласып шоқынып жүргендерін қолдайтындар да бар. Мұздай суға түсу пайдалы-мыс дейді.

Қоғам белсендісі Жәнібек Қожабай қыста мұздай суға сүңгуді ақымақтық санайды.

– Қазір өзі діндегілерде ес жоқ, ештеңенің байбына бара бермейді. Иисус қандай суға түсіп еді, соған келейік. Ол Таяу Шығыстағы ешқашан мұз қатпайтын Иордан өзеніне түсуші еді. Бұл өзен төрт мемлекетті кесіп өтеді: Сирия, Ливан, Палестина, Израиль. Ал енді осы елдердегі орташа ауа райы +20 градустың маңайы. Былайша айтқанда, біздегі мамыр, қыркүйек айларының ауа райы. Егер Иисус Қиыр Шығыста, Сібірде, не Астана маңайында өмір сүргенде -30 градус аязда өзеннің мұзын ойып суға түсеріне күманданамын. Кейбір православиялық шіркеу басшылары дәл бұлай мұз астындағы суға түсудің қажет еместігін ескертеді.

ғаламтор желісінен алынды

Енді сол суық суға түсіп жүрген қазақтарға келсек, денсаулық үшін түсеміз дейді. Денсаулық үшін десе, Құдайдың басқа күндері де жетіп жатыр ғой?! Сосын ондай әрекетке кемі 1 жыл дайындалу керек. Жылыдан бастап ақырын-ақырын күнделікті шомылатын суыңды салқындатып, организміңді суыққа үйретіп алу қажет. Ал жылы суға жуынып жүріп, мұзды суға күмп етсең, бүкіл мүшең, миың, жүрегің, бүйрегің, бауырың мұз астында шок алады. Байқамасаң, жүрегің тоқтап қалуы да мүмкін.

Жалпы, бой үйренсін-үйренбесін мұз астындағы суға түсу ессіздік қой. Денсаулық керек болса, салқын душ қабылдауды әдетке айналдыру керек, – дейді ол.

Рас-ау, қазіргі қазақты ешкім мәжбүрлемесе де өз еркімен шоқынғаны қызық екен.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар