Елімізде жаңа кадрлық тағайындаулар орын алды

/uploads/thumbnail/20170708200651864_small.jpg

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шахрат Шәкизатұлы Нұрышев Қазақстан Республикасының Корей Халық-Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы «Қамшы» порталы «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары Талғат Советбекұлы Донақовқа Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі Төрағасының міндетін уақытша атқару жүктелді.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Алмаз Дженишевич Джумакеев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Аэроұтқыр әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды.

Мемлекет басшысының келесі Өкімімен Өкімімен Дәулет Рысқұлбекұлы Оспанов «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды.

Салидат Қайырбекова «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ Басқарма төрайымы болып тағайындалды. Ол бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі қызметін атқарған еді.

Қатысты Мақалалар