Әкімдік жанына ванна әкеліп, суға шомылған блогер қамауға алынды

/image/2024/02/05/crop-122_3_439x585_akim.webp

Алматы облысы, Талғар қаласында ақшасы жоқ блогер 2 ақпанда кешке таман жол ортасына суға шомылатын ваннаны алып шығып, суға түскен. Сабынды көпіршікке киімшең қойып кеткен ол қолындағы бокалға қызыл шарап құйып ішеді. Осылайша аяқ-асты шоу ұйымдастырған жігіттің тегін Daewoo Nexia көлігінен дәмесі болыпты (сол кезде сондай акция өтіп жатқан - авт.).

Тегін көлік ұтқан-ұтпағанын білмейміз, бірақ ол бүгін сот шешімімен 15 тәулікке қамауға алынды.

Тергеу барысында жігіттің қолындағы қызыл шарап емес, жеміс сусыны екені де анықталды.

Алайда сот 24 жастағы блогер өзінің бұл әрекетімен қоғамдық тәртіпті бұзды, айналасындағыларға құрметсіздік танытты, жаяу жүргіншілерге кедергі келтірді деп шешіп, оны 15 тәулікке қамауға алу түрінде үкім шығарды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар