«Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес депутаттардың келісімін алу үшін жаңа Премьер-Министрдің кандидатурасы ұсынылады», делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Айта кетсек, 7 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен кеңейтілген отырысы өтуі тиіс Үкімет екі күн бұрын, яғни 5 ақпанда отставкаға кетті.
Үкімет басшысы міндетін Роман Скляр уақытша атқара тұратын болды.
Пікір қалдыру