«...Арамызда сатқындар бар. Айтқан сөзге, уәжге тоқтамаған, былтырдан бері қанша сөз айтсақ та, тыңдамады, артымыздан пышақ сұққанмен бірдей болды», деген қала әкімі үстел басына жиналғандардың көзін бақырайтып жіберді.
Мұнымен тоқтамаған әкім залға апыр-топыр кіріп келген Антикор қызметкерлеріне: «Осы арадан ұстаңдар!», деп бұйырды.
Жиналыс үстінде ұсталған Тұрғын-үй басқармасы басшысы міндетін атқарушы шенді болып шықты.
«Әріптестер, мені дұрыс түсініңіздер. Менде басқа амал қалмады. Бес ай болды, адалынан жұмыс істейік деп айтып келе жатқаныма», - дейді қала әкімі өкінішін білдіріп.
Айта кетсек, күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметті отставкаға жіберді. Бұл алдағы уақытта министрліктен бастап өңірлік деңгейлерге дейін кадрлық ауыс-түйіс болатындығын білдіреді. Шымкент қаласы әкімінің соған сәйкес бұл алдын ала жасаған қамы ма, әлде кездейсоқтық па, ол жағын біз білмедік...
Ал аталған жиынның видеосымен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар.
Пікір қалдыру