Алматыда лай басып қалған үйдің орнынан қаза болған барлық төрт адамның денесі шығарылды. Бұл жөнінде төтенше жағдай министрлігі хабарлады.
Бұған дейін департамент 2007 жылғы екі ер баланың денесі шығарылғанын хабарлаған еді. Кейіннен үшеуінің денесі табылғаны белгілі болды.
"Қазір үйіндіні аршу және лайдан тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Оған өткір заттар, әйнек, арматура және өзге де заттар араласқан балшықтың көптігі, үйге кіру жолының тар болуы, техниканы пайдалану мүмкіндігінің жоқтығы кедергі келтіріп отыр", деп жазды департамент өкілдері.
Қазіргі уақытта жеке тұрғын үйді лайдан тазарту және адамдарды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 182 маман мен 32 техника жұмылдырылды. Жедел медициналық жәрдем бригадалары да сонда.
– Туыстары мен көршілеріне шұғыл психологиялық көмек көрсетілді. Алматы қаласы ТЖД және республикалық жедел-құтқару жасағының күштерімен топырақтың лайлануына байланысты техногендік сипаттағы лай көшкіні ғимаратты зақымдаған. Соның салдарынан алдын ала қаза тапқан ер адамның денесі табылды. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда. Ақпарат толықтырылады, – делінген хабарламада.
Пікір қалдыру